Жетісу облысының мектеп парламенттерінің Төтенше жағдайлар министрлерімен және «Жас құтқарушы» кадет сыныптарының оқушыларымен «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар сарайының ғимаратында шағын көрме ұйымдастырылды, онда оқушылар құтқарушылардың авариялық-құтқару және жеке қорғану құралдарымен көрнекті түрде танысты.
ТЖ министрлері мен жас құтқарушыларға өрт сөндірушілер және құтқарушылар туралы таныстыру бейнеролигі көрсетілді.
@press_TJM