Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтиерді мерзімінен бұрын жеңді. WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кәсіпқой бокстағы екінші титулына ие болғанын хабарлайды newsroom.kz порталы tengrisport.kz сілтеме жасап. Германиялық Винченцо Гуальтиеримен (21-1-1, 7 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алғашқы раундтарда дәл соққылар саны бойынша басымдыққа ие болған қазақстандық алтыншы раундта ...
Толығырақ »Архив блога
Психологиялық тест: Өз мінезіңіздің «қаржылық» қырларын таныңыз!
Суретте көрсетілген есіктің бірін таңдай отырып, өз мінезіңіздің «қаржылық» қырларын танып, алдағы уақытта қаржылық тұрғыдан қалай әрекет ету керегін түсесіз. 1-есік Сіз ақшаңыздың белгілі бір сомасы банкте тұрмаса өзіңізді толыққанды адам ретінде сезіне алмайсыз. Ақшаға құндылық және жетістік символы ретінде қарайсыз. Иә, көп ақша табу үлкен мүмкіндіктер беретіні анық, алайда қаржылық жетістікке шамадан тыс көңіл бөлу біртіндеп табыстың төмендеуіне әкелуі ...
Толығырақ »ОҚУШЫЛАР РОБОТОТЕХНИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады. Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құраманың бапкерлері — Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет. «Біз Сингапурға ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР ҮШІН ЗОР МҮМКІНДІК
Елімізде «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жастар үшін, әсіресе дамимын, мемлекетке пайдамды тигіземін деген азаматтар үшін – бұл таптырмас мүмкіндік. Президенттік жастар кадр резервінің негізгі мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай ...
Толығырақ »Әлем қазақтары «Отандастар» форумында бас қосты
Астанада әлем қазақтарының басын қосқан «Отандастар» форумы өтті. Форумға шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері 40-тан астам елден келген 200-ге жуық отандасымыз қатысты. Салтанатты жиынды Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандастарды құттықтаған тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды ...
Толығырақ »ЖАСТАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ КЕРЕК
Республикалық Жастарды қолдау кеңесінің отырысы өтті. Жиында жастарды жұмыспен қамту және олардың әл-ауқатын жақсарту мәселесі талқыланды. «AMANAT» партиясы жанындағы кеңестіңСөз басында Парламент Мәжілісінің депутаты, кеңес төрағасы Нартай Аралбайұлы статистика әзірлеу кезінде елімізде жұмыссыз жүрген жастардың нақты санын бұрмалауды доғару қажет екенін атап өтті. «Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының небары 4,9 пайызы жұмыссыз деген мәлімет береді. Анығында солай ма? Елімізде NEET санатындағы жастар ...
Толығырақ »ЖЕТІ АТА ЖӘНЕ ҰЛ МЕН ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
ЖЕТІ АТА ТАНЫМЫ: Бірінші атаңыз – Әкеңіз. Екінші ата – Ата. Үшінші ата – Арғы ата. Төртінші ата – Ұлы ата. Бесінші ата – Тек ата. Алтыншы ата – Түп ата. Жетінші ата – Баба. Сегізінші ата – Ұрқы. Тоғызыншы ата – Ру. (тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған) **** Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты Қазақ – «Ұл» деген. Ұлдан ...
Толығырақ »«Бизнес және руханият»: Астанада кәсіпкер Талғат Сақанұлымен кездесу өтті
Венера Мұратқызы, «Jastar janary» Кеше Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының ұйымдастыруымен «Бизнес және руханият» атты «Бес мың ауыл – Бес мың кәсіпкер» жобасының жетекшісі, кәсіпкер, меценат Талғат Сақанұлымен кездесу өтті. Ұлттық академиялық кітапханада өткен тағылымды кешке ҚР Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, белгілі журналист, тележүргізуші, медиатренер Дана Нұржігіт, ақын, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі ...
Толығырақ »Президент білім саласына қатысты 7 маңызды мәселені атады
І республикалық педагогтер съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Бірінші мәселе. Ұстаздардың біліктілігін арттыруымыз керек. Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген. Халқымыз келешектің кілті – білімде екенін терең түсінген. Сол себепті ұстазды ерекше қадірлеген. Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары ...
Толығырақ »Президент: Балаларымыз заманға сай озық білім алуы қажет.
– Қазір еңбек нарығы өте жылдам өзгеруде. Көптеген салаға жасанды интеллект еніп жатыр. Бұл үдеріс жылдан жылға қарқын ала беретіні сөзсіз. Бүгін жоғары сұранысқа ие мамандық ертең қажет болмай қалуы мүмкін. Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтуда. Сондықтан, азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. ...
Толығырақ »