Басты бет » Жаңалықтар » ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: АҚШАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: АҚШАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Жоғарыдағы 9 суретке қараңыз. Көп ойланулың қажеті жоқ. Өзіңізге ұнаған бір суретті таңдаңыз.

ТЕСТ ЖАУАБЫ:

1. Сіз жомарт адамсыз. Еңбек еткенді жақсы көресіз. Бірақ ақшаның артынан қумайсыз. Мақсатыңыз бар. Сол мақсаттың жолында әйтеуір ақшасыз қалмайсыз. Ақша потогыңыз ашық.

2. Егер сіз дәл осы суретті таңдасаңыз, демек әзіл-қалжыңға жақын адамсыз. Өмірге жеңіл қарайсыз. Осы қасиетіңіздің арқасында бизнесте жолыңыз болғыш. Проблема туындаса, қиындатпайсыз, шешесіз. Табандылығыңыз да бар.

3. Сіз – нағыз бизнесменсіз. Кез келген ситуацияны бақылауда ұстай аласыз. Идеяға байсыз. Соның арқасында бастаған ісіңіз табыспен аяқталады. Алған бетіңізден таймаңыз. Бақ пен байлық сіздікі.

4. Сіз нарыққа не керегін білесіз. Сұранысқа сай жұмыс істей аласыз. Ақшаны орнымен жұмсайсыз. Есеп-қисапқа жүйріксіз.

5. Сіз жалғыз әрекет жасағанды жақсы көресіз. Барлығын өзіңіз жасайсыз. Басқаларға сенбейсіз. Жаңа қадам жасаудан қорқасыз. Сізге тәуекелшіл болу керек. Тәуекелсіз бизнесмен болу, көп ақша табу мүмкін емес.

6. Кеңестік рубльді тұрақтылықты жақсы көретін адамдар таңдайды. Тұрақты үй, тұрақты жұмыс болса болды. Байлыққа аса қызықпайды. Ел қатарлы, жайлы, тыныш өмір сүрсе болды.

7. Сіз шаршамайтын адамсыз. Идеяңыз көп. Оны жүзеге асырар энергияңыз да жеткілікті. Ақшаны да қиналмай табасыз. Осы беттен таймаңыз, сіз – миллионерсіз!

8. Сіз – қиындықтан шыға алатын адамсыз. Қолға алған кез келген шаруаны дөңгелетіп жібере аласыз. Іскерсіз. Соның арқасында ақшасыз жүретін күніңіз сирек.

9. Сіз – жолы болғыш жансыз. Өзіңізге сенімдісіз. Ақша потогыңыз ашық. Байлық сізге үйір. Табандылық, сенімділік сізді табысты өмірге жеткізеді.