«Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасының қонағы Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның өмірі мен өнері туралы шынайы сұхбат берді. Бағдарлама барысында әншінің келіні Ақерке ене Розаның қандай екенін айтып берді.
«Алғаш рет 2018 жылы таныстық. Қорқып, айтатын сөзімді ұмытып, уайымдадым. Ол кісі ерекше жылулықпен, құшағын жайып қарсы алды. Ол кісі – керемет аспаз. Үй күтушісі жоқ. Ол кісі әр қонағына тамағын махаббатпен дайындайды. Осындай отбасыға келін болып түскенім менің бақытым деп ойлаймын. Сахнада да, өмірде де өзін қалай ұстауды, қалай жүруді мен сол кісіден үйренемін», – деді Ақерке Бүркітбай.