18 қарашада Студенттер сарайында облыс әкімдігінің қолдауымен «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Әбілқайыр ханның 330 жылдығына арналған сөз сайысына Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар және Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласынан келген ақындар қатысады.
Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізеді.
Кештің құрметті қонақтары қатарында ақын, «Отан» орденінің иегері, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңірген қайраткер Жүрсін Ерман, айтыс ақындары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мэлс Қосымбаев, Бекжан Әшірбаев, ақын Жанарбек Әшімжановтар бар.