Басты бет » Жаңалықтар » Әнші Мейрамбек «Aspan FM» радиосын ашты

Әнші Мейрамбек «Aspan FM» радиосын ашты

Қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Мейрамбек Бесбаев «Aspan FM» атты радио ашты. «Aspan FM» радиосы 7 қарашадан бастап хабар тарата бастады.

Қазақ өнерін, өнерде жүрген жастардың шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылған радионың жаңалықтары көп болары анық. Радио ашу – Мейрамбек Бесбаевтың бала күнгі арманы екен. Бұл туралы әншінің өзі сүйіншілеп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Қымбатты менің оқырмандарым мен тыңдаушыларым!
Бүгін 7-қараша менің туған күнімде Аспан ФМ радиосы ресми түрде ашылды.
Радио – бұл менің бала күнгі арманым. Міне, енді сол арман шындыққа айналды. Осы жолда маған қол ұшын созып, көмектескен адамдардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін.
Біз көптеген сауалнамалар жүргіздік және сіздер ұнатқан әндерді таңдап, махаббат туралы үздік әндер шырқалатын жаңа радио жасадық.
Аспан ФМ – махаббат мекені болады.
Бізбен бірге болып, 98.9 ФМ толқынын тыңдаңыздар!» – деп жазды Мейрамбек Беспаев.

Жаңа радионың ашылуымен құттықтап жатқан көпшілік ақ тілектері мен жылы лебіздерін арнауда. «Құтты болсын! Берекелі бастама болсын! Мағыналы, мәнді әндер тыңдаймыз деп сенеміз!»,  «Қуаныштымыз! Халықтың сүйікті арнасына айналсын!» деп жазуда радио тыңдармандары.