«Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаға қатты ұқсайтын шымкенттік Айқын Елубай «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының «Таңшолпанға» қонаққа келді.
Түрінен бөлек, мінезі де Қожадан аумайтын Айқын болашақта фильмге түсуді армандайды. Бір басына жетерлік өнері де баршылық. Ес білгелі ат құлағында ойнап жүрген ол көкпар тартып, бір-екі рет салым да салған. Тіпті, трактор да айдап, шөпке өзі жалғыз шыға береді екен.
— Ауылда балалармен төбелесіп, бұзықтық жасайтын кездерім болады. Өзімнің ауылым емін-еркін жүре беремін. Көзім ашылғалы бері атқа мінемін. Трактор жүргіземін, – дейді Айқын.