Басты бет » Жаңалықтар » «Міржақып. Оян, қазақ!»: 100 миллионнан аса касса жинады

«Міржақып. Оян, қазақ!»: 100 миллионнан аса касса жинады

«Міржақып. Оян, қазақ!» отандық комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озып, 107 миллион касса жинады.

Мәдени және спорттық шараларға билет сатуға арналған Тикетон платформасының мәліметінше, өткен аптаның қорытындысы бойынша, «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі алғашқы орында тұр.

Екінші орында отандық комедиялық фильм — CocoJanbo (62 572 000 теңге), үштікте — «Изгоняющий дьявола: верующий» фильмі (45 371 000 теңге).