Басты бет » Руханият » Жүрек сыры

Жүрек сыры

(Үзік сырлы хикаялар)

Жалғасы

%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b3%d0%b0

Қарғалар,
Жан қажар.
Қарқылдап,
Қарға аунар.
Жамандар,
Жан қажар.
Өсекпен,
Қол бұлғар.

Грузин халқының халық əні

Шыңдағы қырандарды күндеуге əркез əзір қарға деген қауымға таң боласыз ба? Қаңтардың бүгін ортасына жеттік. Осы мезгілде біз жақта қарғалардың қарқылы күшейеді. Терезенің алдында көп отырамын. Содан шығар, қарғалардың жайын елден ерек білетінім. Əжем ылғи «қарға қара суықтан хабар айтады деуші еді. Сол кезде де, қазіргі күнде де өзгермеген нəрсе. Қарғалардың қарқылын естіген сəт құлағымды тарс бекітіп жауып аламын. Кейде, қарғаларда аяз бен боранда жаураған соң… Əлемге өз хəлдерінен хабар беретін шығар деп. Бірақ… Үнін тыңдай алмаймын. Сіздер ше? Қарғаны ескі грузин халқының аңызында «өсекші құс» деп көрсеткен екен. Мүмкін содан ұнатпайтын болармын. Мен өсекті де ұнатпаймын. Құлағымды бітеймін. Байқасам, өсек – от. Жанымды талай күйдірді. Байқасаңыз, өсек пен өтіріктен жанымызға мың жара түсті. Жүрегіміз өмірдің қаңтар аяздарында үсті. Неге? Соншама, өсектің торын тоқуды сүйеді адамдар? Белгісіздік….

Аударған: А. Байдәулет
Баку қаласы, Əзірбайжан

Пікір жазу