Басты бет » Руханият » Жүрек сыры

Жүрек сыры

(Үзік сырлы хикаялар)

Мейірхан Мейрамбек – жас ақын, «Жемал Сүрея» атындағы əдеби байқаудың тұрақты қатысушысы.
Автор сөзі: Менің қаламымның қасиеті – тарих пен бүгінді сабақтастыру. Менің бұл туындым – «Жүрегіммен ғұмыр кешер ізгі жан» хикаятымен егіз. Бір жанға деген құрметімнен туды. Түркі жұртының батыр оғланы – Енвер паша жайлы төрт жылдық ізденісімнің əрі «Жан мұңым мен жан сырым» атты хаттарымның нүктесі.

Аңыздар өлмес, уақыт озғанмен
(Əзірбайжан халық нақылы)

Шыңдағы қыран, Шыңдағы қыран! Қаф тауының етегіндегі халықтың нанымы бойынша, қыран – құдіретті уақыттың сырласы. Қырандар қия жарға көп қонбайды. Тек қана – шың ғана. Қыран тектес жандар болады. Олардың талғамы – шыңдармен теңеседі. Балқан тауды жағалаған бауырлар, «қыранша күн кешпей, қарғамен теңсің. Арыңмен үндеспей, болмассың өр шын» деп тегін айтпаса керек. Əнуар-паша (Енвер-паша) бірде жорықта жүргенінде жасақ сарбаздарына бір сауал беріпті. «Қыран неге көкте қона алмайды?» Ойлы сауал, неге? Мен аңызды соңына дейін оқымастан Əн ағамнан сұрадым. Ол кісі «əркімнің өз биігі бар» деді. Қайта аңызға бас қойдым. Əнуар-паша былай деп жауап беріпті. «Қарға – шыңға қона алмайды демеңдер, қонуға талпынады. Қарғаның орны – қия жар. Əуелдегі табиғаттың таразысы – солай. Ол өзгермейді. Қарға – қырандай шың басында шаңқылдай алмайды. Қарға қарқылдайды. Қарқыл – қия жарда қалады». Менің Əн ағам – қыран!!! Шыңдарға шырай бола алады. Əнуар паша айтқандай, «қыран қия кезгенімен қонар тұғыры – шың!» Табиғаттың таразысы – ең əділетті таразы. Түрік жұртының ескі халық əнінде де былай делінген:

 

%d0%ba%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%bd

«Қырандар қанат қаққанда,
Қарғаға орын болмайды.
Қиялда қуат болғанда,
Көңілдің жырын толғайды.
Қырандар көкке ұмтылмай,
Көк жүзі сəні болмайды.
Биігін өзі ұға алмай,
Адамдар кейде сорлайды.
Қыранның тегі текті ғой,
Ұғатын сəт те жетті ғой.
Керуен дүние сандалтып,
Талайдың басынан өтті ғой.
Адамның бəрі қыранша
Өз биігін білместен,
Арыла алмай пенделікпен күй кешкен».

berkut_2
Тілімнің тиегін ағытсам, қиялдың қақпасын күзетер жалғыз жан – сіз ғана. Қырандардың қиялы – өз көгін елжірей өбу шығар. Қырандардың тағдыры – қиындау тағдыр. Жалғыздыққа бейім тағдыр. Бізге ұқсас. Қырандар көгінде құлашын кең жазып самғай бергей. Адамдарда тағдырмен тіресіп өмір көшін жалғай бергей. Бір сəт… Қасымыздағы жандарға назар салсақ, қырандай күшті жандардың жанымызда екенін кеш аңғарамыз. Аңғару аздық етеді. Халқымызда, «бағаласаң, бақ құста қасыңнан ұзамас» дейді. Менің қыраным – Əн ағам!!! Қырандай қайратты жандар – мықтылықты үйретуші ұстаз. Балқар халқы, «қатты жаннан қайыр жоқ деме, қайыңдай мықтылықты үйретер» деп кесімді ойды əдемі кестелеген Сіздің қыраныңыз қайда? Əрине, жаныңызда жүр. Іздеп көріңізші!!!

«Ulduz» журналы. 25 саны. Баку.(Əзірбайжан)
Аударған: А. Байдəулет

Пікір жазу