Басты бет » Жаңалықтар » «АРТ ОРДО — 2023»: Қаллеки театры Гран-при иегері атанды

«АРТ ОРДО — 2023»: Қаллеки театры Гран-при иегері атанды

«АРТ ОРДО — 2023» халықаралық театр фестивалінде Қаллеки театры сахналаған «Баян Сұлу — Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы  Гран-при иегері атанды. 

ГРАН-ПРИ жүлдесімен қатар, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫНА ие болды.

КСРО Халық артисі, қырғыз халқының көрнекті театр және кино актрисасы Бакен Қыдыкееваның 100 жылдығына арналған АРТ ОРДО-2023 Халықаралық театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетіп, салтанатты түрде шымылдығын жапты. 

Фестиваль нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы «БАЯН СҰЛУ — ҚОЗЫ КӨРПЕШ” қойылымы үшін ГРАН-ПРИ жүлдесімен және «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫМЕН марапатталды.

Бая Сұлу — Қозы Көрпеш” музыкалық драмасының авторы — Ғабит Мүсірепов. Қоюшы режиссері: Гүлназ Балпейісова.