Басты бет » Жаңалықтар » 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейптерді тұрақты түрде шегеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Елімізде ересектердің 21 пайызы темекі тартады, балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар, оның ішінде 6 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Ал энергетикалық, тәтті сусындарды 17,5 пайызы тұтынады. Темекіні тұтынуды азайту үшін биыл темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді. Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша Мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды. 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде», – деді министр.