Басты бет » Жаңалықтар » Астанада «Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-ге жолдама ұтып алды

Астанада «Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-ге жолдама ұтып алды

Астананың 25 жылдығына орай бүгін-ертең ЭКСПО алаңы гүлге оранады. Бұған себеп – 51 «Funk» компаниясы және Астана қаласының Креативті индустрияларды дамыту орталығының қолдауымен 5-6 шілде күндері өтетін «Қалалық гүлдер фестивалі», деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль продюсері Майра Измайлованың айтуынша, іс-шара қала тұрғындарын эко қозғалысқа тарту, шикізатты қайта өңдеудің маңыздылығын көрсету және елорданың эко-белсенділерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль аясында 5 байқау ұйымдастырылды. «Гүл шаһары» деп аталатын қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің байқауы бойынша еліміздің 62 өнер иелерінің 84 эскизі қаралған. Оның ішінен іріктеліп алынған 15 жоба жүзеге асты.

Фестивальде 5 түрлі байқау ұйымдастырылды. Олардың арасынан Абылай Мұрашбековтің «Индустриалды даланың гүлі» және Малика Игібаеваның «Өмір гүлі» атты туындысы 1-орынға лайық деп танылды. 2-орынды «Ерте-ерте ертеде» жұмысымен Серікбол Рауан жеңіп алды. 3-орын «Гүлге толы қоржын» туындысын жасаған Айдана Мінайдароваға бұйырды.

Сондай-ақ қала тұрғындары арасында да бірнеше байқау өткізілді. Соның бірі, ILOVE байқауында тұрғындар арнайы фото-аймақта ата-анасына, жарына, балаларына, туыстарына өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап, әлеуметтік желілерге жүктеуі керек болатын. Байқаудың бас жүлдесін жас жұп Өміртай жеңіп алды. Оларға екі адамға арналған «Happy Travel» компаниясының Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдамасы тапсырылды.

«ЭKODAR: менің қалам – менің үлесім» байқауы 1 маусымда жарияланды. Оның шарты бойынша экобелсенділер өз қаласына жасаған пайдалы істерін баяндады. Мұнда бірінші орынды 10 жыл қан доноры болып келе жатқан Екатерина иеленді. Ол да «Happy Travel» Қазақстан қалаларына арналған  компаниясының жолдамасын ұтып алды. Ал 3,4-орын иелеріне SF рестораны мен «Меломан» дүкеніне сертификаттар табысталды.
Жалпы, фестивальге флористер 20 мың жанды гүл әкеліп қойды.