Басты бет » Жаңалықтар » Қазіргі тойдың мәні мен сәні кетті ме?

Қазіргі тойдың мәні мен сәні кетті ме?

Facebook әлеуметтік желісінде Жанна Есеналина есімді желі қолданушысы бүгінгі тойдың жайы туралы өз ойымен бөлісіп, пікір қалдырған.
«Қазіргі тойдың мәні де, сәні де кетті. Той болғасын жас шамасына қарамай үлкен де, кіші де, балалар да барамыз. Тойдың жақсы өтілуі асабаға байланысты деген сайын, барған сайын тойымыз сайқымазаққа айналып бара жатқан сыңайлы. Оның үстіне менталитетімізге сай емес қылықтар көрсетілетін ойын-сауықтар басым болуда. Бір бірімізден ұялу деген жоқ, әсіресе ойын ойнатам деп киімдерін шешуге дейін барады. Қыздардан да, жігіттерден де ар, ұят кеткен! Жерге дөңгелеп жата қалады одан қалса. Ол тойда жүрген жастарымыз көрер көзге ерсі ойындар, билерді көрсетіп өсіп келе жатқан ұрпаққа не тәрбие береміз?! Оны мақтанышпен видеоға түсіріп, жарыса отырып постқа саламыз.
Осыған кім кінәлі? Қазіргі күні сөздің парқын түсінбей сөйлей беретін небір асабалар көбейіп кетті. Одан қала берсе 5 қабаттан кем болмайтын тәтті тортты миллиондаған ақшаға жасатып жүргенін де интернет желісінен көп көріп кеттік. Тым ысырапшылдыққа жол беріп, жын-ойнаққа салынып билеп, сайтан суға тойғанша ішіп алып, соңында бір-бірімен жұдырықтасып жүрген қонақтар қаншама. Қазіргінің «қазыналы» деп жүрген тойының сыйқы міне осындай», – дейді желі қолданушысы.
Ал бұл турлы сіздің ойыңыз қандай?
Фото ашық интернет көздерінен алынды