Басты бет » Жаңалықтар » «Қысқа ғұмыр» спектаклі Маңғыстауда қойылды

«Қысқа ғұмыр» спектаклі Маңғыстауда қойылды

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында көрермендер назарына Флорид Буляковтың (ауд: Э.Мақашева) «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясы ұсынылды. Спектакльді тамашалауға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевта арнайы барды.
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры сахналаған бұл қойылымда өмірде уақыттың жүйріктігін, кіршіксіз махаббатты қадірлеу, болашаққа деген үміттер, жалпы өмірде адамгершілік қасиеттерді ұғынуды дәріптеді.
Театр ұжымы өмірдегі асыл қасиеттерді көрермен көңіліне шынайы жеткізіп, баршаға өмірді, уақытты бағалау туралы терең ой тастады.
Қойылымнан кейін облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы өнер ұжымына алғысын айтып, алдағы уақытта да жемісті еңбек, шығармашылық табыс тіледі.


Қойылымның режиссері: ҚР мәдениет саласының үздігі Самал Әбуов
Қоюшы суретшісі: Мұрат Мәмбетов.
Бұл қойылымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытгүл Жақыпова, актер Салауат Түменов, Ақжол Ихсан, актриса Жұлдыз Мамедова сынды театр майталмандары өнер көрсетіп, көрермендерді бей-жай қалдырмады.