Басты бет » Жаңалықтар » ТЕСТ: Нені ұмыта алмай жүрсіз?

ТЕСТ: Нені ұмыта алмай жүрсіз?

Бәріміздің жанымыз жабырқайды. Әсіресе, өткен шақтағы қателіктер, жарақаттарды ойлап қиналамыз… Алманың біреуін таңдаңыз, сол арқылы сіздің нені ұмыта алмай жүргеніңізді, неге алға жылжымай тұрғаныңызды анықтауға болады.

ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ:

1.Сіздің жаныңызды жабырқатқан жағдайлар аз болмаған. Сол қиын кездерде жақын адамдарды жоғалтып алғансыз. Өкінішке қарай, өмір болған соң мұндай жағдайлар алдағы уақытта да қайталана береді. Бастысы, сіз мықтысыз және кез-келген қиындықты жеңе алатыныңызды біліңіз.

2. Сіз өмірде «көп қателік жібердім, жақсы адамдарға қиянат жасадым» деп өзіңізді айыптайсыз. Осының кесірінен алға жылжи алмай отырсыз. Идеальный адам болмайды, қателесу адамға тән нәрсе екенін түсініңіз. Тек бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді көріңіз, бағаңыз.

3. Сіз жаныңызға түскен жара жазу мүмкін емес деп ойлайсыз. Қазір жан-жағыңызға қарамай, ештеңенің байыбына бармай тек алға жүріп барасыз. Алайда, жан дүниеңізде нақты өзгеріс болмай, алысқа бармайсыз. Бойыңызда адам сүйсінетін қасиеттер жетерлік, бастысы, сезімге ерік беріңіз.

4. Жұрттың сөзін, көзін жаныңызға жақын қабылдайсыз. Есіңізде болсын, жақсы я жаман нәрселерді қабылдау тек өз қолыңызда. Елдің сына мән беріп, жүрегіңізді жараламаңыз. Ештеңеге қарамастан өз жаныңызды аялаңыз.

https://t.me/aidyn_nury_1977