Бұл Димаштың американдық фан-клубының арқасында мүмкін болды, олар бір апта ішінде бірнеше американдық радиостанциялармен байланысып, «Together» эфирге шыққан күні оны тыңдауға үміттенді.
Осылайша, Димаштың жаңа синглы диджей Гвендолиннің (Zaxus) екі сағаттық «Mad Talk» бағдарламасында шырқалды. Композиция әлі бағдарламаға қосылмаған болса да, Гвендолин оны өз бағдарламасының эфиріне енгізді.
Өзінің шоуы басталғаннан кейін бірден радио жүргізушісі қазақстандық орындаушының жаңа әні бар екенін жариялады:
«Димаш Құдайберген жаңа ән шығарды, мен оны бүгін сіздер үшін қосуды жөн көрдім»
Бұл «Mad Talk» бағдарламасының эфирінде Димаштың композициясы бірінші рет шырқалғаны емес. 2020 жылдың 7 маусымында Гвендолин бағдарламасында қазақстандық орындаушының алты әні шырқалды. Содан кейін радио жүргізушісі Димашқа бағдарламасының 45 минутын бөлді.
«Together Dears жаңа синглінің шығарылымы қарсаңында бүкіл әлем сағатқа қарап, өз уақыт белдеуінде түн ортасында – Димаштың жаңа әні әлемнің бірнеше музыкалық платформаларында ойналатын сиқырлы сағатты асыға күтті. Dimash USA фан-клубы және оның Radio Play командасы Димаштың теңдесі жоқ таланты мен музыкасын Америка Құрама Штаттарында таратуға көмектескен диджейлерге өте қуанышты және алғысын білдіреді», – деді Димаш АҚШ фан-клубының Dears мүшелері.
https://dimashnews.com/