Басты бет » Руханият » Пальтоны немен киген жөн?

Пальтоны немен киген жөн?

Джинс шалбары, кең шалбар немесе былғары белдемше – пальтоға үйлесімдісін таңдаймыз
Пальто – әмбебап базалық киім, алайда street style хроникасының батыл әйелдері күнделікті гардероб туралы ойды өзгертетін жаңа, тосын үйлесімді ұсынады. Әйелдер пальтосын заман талабына сай немен үйлестіріп киюге болатынын өте сәтті шыққан үлгілер негізінде таңдап алдық.

ДЖИНС ШАЛБАРМЕН

 

1-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be
Қысқартылған джинс шалбарлар төңірегіндегі дау әлі толастар емес. Сізде де бір джинс шалбары бар шығар? Сондықтан, оның күзгі пальтомен үйлесері сөзсіз. Оған водолазка мен джинс күртесін немесе жұқа мойынорағыш пен ашық топты қосыңыз (1970 жылдарды еске түсіреміз). Бұл композицияны ұзын баулы шағын сөмке және қалың өкшелі ботильондармен толықтырыңыз. Танымалдылығы жөнінен екінші орын алатын – кең балақты джинс шалбарлар, және оларды қынама белді немесе екі жағына бірдей қаусырмалы пальтомен кисе, өте әдемі көрінеді.

ЖЕҢІЛ ЖЕЙДЕ ЖӘНЕ ШАЛБАРМЕН

2-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be

 

Пальтоны джинс шалбарынан басқа немен киюге болады? Жауабы: классикалық тандем – жеңіл жейде мен шалбар. Бантпен, ұзартылған жеңмен тігілген және ерлер стиліндегі жейделер, тар «банан» немесе «пижама» шалбар, кюлот сияқты ең сәнді үлгілерді таңдаймыз. Бұлармен пальтоның қандай түрі болса да жараса кетеді.

 

ШАЛБАРЛЫ КОСТЮММЕН

 

3-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be

Шалбарлы костюм кеңсе дресс-коды ретінде де, еркін үлгі ретінде де жақсы. Барлық жағдайға арналған пальтоның костюммен үндесетін тік пішімді болғаны дұрыс. Түстерді таңдағанда ерекше сәнді болып есептелетіні – барлық киім бір бейтарап түстен немесе керісінше, бір-біріне қарама-қарсы түстерден болуы керек. Бұл жағдайда пальтоны қандай аяқ киіммен киген жөн? Тік өкше туфли, қалың өкшелі ботильон мен ерлер стиліндегі бәтеңке іскерлік киімдермен жарасса, спорттық аяқкиімдер бейресми үлгімен өте жақсы үйлеседі.

БЫЛҒАРЫ КИІМДЕРМЕН

4-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be

Егер сізге милитари, рок немесе гранж үлгісі жақын болса, қара былғарыдан жасалған киімдер көмекке келеді. Көк немесе қара пальто батыл образдардың ең үздік аясы бола алады, тек оны немен кию керектігін шешіп алу қажет. Киім үлгісінің негізі ретінде тырысқан шалбар немесе белдемше мен ботфортты алып, ары қарай таңдалған бағытпен жүру керек. Дәлірек айтқанда, хаки түсті жакет немесе қалың платформалы бәтеңке, кең тор көзді мойынорағыш немесе косуханы (былғары күрте) қосуға болады.

ҚЫСҚА БЕЛДЕМШЕ НЕМЕСЕ КӨЙЛЕКПЕН

 

5-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be

Қысқа көйлектермен және белдемшелермен пальто кию – аса нәзіктік сыйлайды, классикалық коктейль үлгісіндегі киімдермен мінсіз үйлеседі. Үлгінің нәзіктігін айқындау үшін, ашық түсті басы сүйір туфли және сәнді аксессуарлар, мысалы, тері жаға немесе кристалдармен безендірілген сөмке арқылы басты назарды белге түсірген жөн. Егер сіздің гардеробыңызда ашық қызғылт, көгілдір немесе ақшыл сары түсті пальто болса, енді оны немен киюге болатындығын біліп жүресіз.

СПОРТТЫҚ КИІМДЕРМЕН

6-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be

Спорт пен сәннің жақындай түскенін кейінгі кездегі Versace, Salvatore Ferragamo, Max Mara және басқалардың көрсетілімі дәлелдеді. Суреттен пальтоны спорттық костюмдермен, олимпийкамен, аноракпен және бомбермен киюге болатындығын көруге болады. Спорттық аяқ киімдердің сән әлеміндегі дәрежесі жоғары, бірақ орнықты өкшесі бар бәтеңкелер де еш қалыспайды.

КЕҢ БЕЛДЕМШЕ ЖӘНЕ ШАЛБАРМЕН

7-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%be
Бұдан былай пальто және белдемшенің ұзындығы мен көлемінің арақатынасы жайлы ойланудың қажеті жоқ. Егер реңк пен фактурасы дұрыс таңдалса, пальтодан гөрі ұзынырақ кең пішімді киімдер өте әдемі көрінеді. Ең қауіпсіз нұсқа – салмақты түстер, сондықтан егер сіз сұр пальтомен нені киемін деп ойланып жүрсеңіз, таңдау белгілі. Бірақ өзіңізге қарама-қарсы түстерден жолақтары бар, плиссе техникасымен орындалған, пайеткамен немесе металдандырылған матадан тігілген киімдерді таңдауға да болады. Егер тік пішінді пальто таңдасаңыз, мүсініңіздің пропорциялары сақталады.

Дайындаған: Ақтоты БОРИСҚЫЗЫ
Негізгі дереккөз: http://www.elle.ru

Пікір жазу