Басты бет » Жаңалықтар » Кішкентай блогер Аёка тарихи фильмде рөл сомдауда

Кішкентай блогер Аёка тарихи фильмде рөл сомдауда

Ақтөбелік кішкентай блогер Аяна Бауыржанова Алматыда тарихи фильмге түсіп жатыр, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы бүлдіршіннің анасы желідегі парақшасында жазған.

Сурет @crazy_aeka инстапарақшасынан алынды

«Бұл Аёканың алғашқы рөлі. Бұған дейін фильмдердің эпизодына да түскен емес, білесіздер. Соған қарамастан ең алғашқы тәжірибесі, ең алғашқы рөлін осындай үлкен тарихи фильмнен бастап жатыр», – деп жазған анасы Орынгүл Көптілеуқызы.

Анасының айтуынша, «Аёкаға бұл рөл ешқандай қиын болмады».

«Жақсы көңіл күймен оңай қабылдап жатыр бәрін. Өзінің текстін жаттап қоймай, басқа актерлердікін де жаттап алыпты. Әр актерді жеке зерттеуінен өткізіп жатыр. Жүрістерін, сөйлеген сөздерін салады», – деп жазады анасы.

Фильмнің атауы – «Талақ».

«Бұл фильм қазақ киносының атынан шетелдік фестивальдерге арнап түсіріліп жатыр. Қазақстанда 1-2 жылдан кейін көріп қаласыздар, бұйырса», – дейді анасы.

***

Картина Бейімбет Майлиннің «Талақ» және «Әже» шығармаларының желісі бойынша түсіріліп жатыр. Фильм режиссері – Данияр Саламат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет @crazy_aeka инстапарақшасынан алынды

Фильмде ашаршылық жылдарындағы ауыртпалықтар, орыстану саясаты кезінде әйелдерге берілген еркіндік, отбасы тағдыры, ер мен әйелдің қарым-қатынасы, тағы басқа әлеуметтік тақырыптар қозғалады.

Ал, бүлдіршін Аяна Ниязқызы «Әже» шығармасындағы Злиха мен Сарымбақтың қызы Ұлпаны сомдайды.

Аяна – 7 жаста. Ақтөбедегі №78 мектеп-гимназияның 2 класс оқушысы. Әкесі дәнекерлеуші, анасы ағылшын тілінің мұғалімі. Ағасы Диас 6 сыныпта оқиды, інісі Амир 2 жаста.

Бүгінде Аяна Instagram мен TikTok желілерінде Аека атымен танымал.

Асқар Ақтілеу,

@asqar.aqtileu

«Тілші-ақпарат»