Басты бет » Жаңалықтар » «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы «Qazaqstan» ұлттық арнасында

«Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы «Qazaqstan» ұлттық арнасында

Республика күнінде Мағжан Жұмабаев туралы тарихи телехикая эфирге шығады. 

Республика күнінде қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев туралы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы эфирге шығады. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген 4 бөлімді телехикая Алаш арысының өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертеді.

Тарихи туындыда Мағжанның ақындығы, қайраткерлігі мен ұстаздық жолы суреттеледі.

Телехикаяның сценарийін Қанат Рамазан жазған. Режиссері – Дархан Сәркенов, бас продюсері — Назгүл Қарабалина. Сериалда бас кейіпкер Мағжанның рөлін Мейірғат Амангелдин, Гүлсім рөлін — Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Міржақып Дулатұлын Қайрат Набиолла, Сәкен Сейфуллиннің бейнесін Қуаныш Құдайберген сомдайды.

Телекөрермендер туындыны «Qazaqstan» ұлттық арнасынан 24-25 қазан күндері 21:00-де көре алады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ, 

Фейсбук парақшасынан