Басты бет » Жастар үні » Студенттер шәкіртақысы артты

Студенттер шәкіртақысы артты

ЖОО-да студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес енді университет студенттері 31 000 теңгенің орнына 36 000 теңге алады.

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық.

Интерндерге 66 000 теңге, магистранттарға 87 000 теңгедей төленеді.

Ал докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 000 теңге болатын.

Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

@qazaqstantv