Басты бет » Жаңалықтар » Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 14-20 қазан күндері  Түркия Республикасының Анкара қаласында өтетін «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ бақ сынайды.

Фестивальде театр балаларға арналған «Ойнайық та, ойлайық» (реж.: А.Зайцев) және ересектерге арналған «Қаhaр» (реж.: Д.Жұмабаева) моноспектаклін сахналамақ. Репертуарды толықтырған жаңа қойылымдар түркиялық көрермендер мен сарапшылар назарына ұсынылып, айтулы өнер бәйгесінің көркін қыздырады. Балаларға арналған қойылымда театрдың талантты артистері Жанар Мақашева, Анар Адилова, Нұржан Әбубәкір, Нұрсерік Кеңесбаевтар өнер көрсетеді. «Қаhaр» (реж.: Д.Жұмабаева) моноспектаклінің басты әрі жалғыз кейіпкері, театр актрисасы – Гүлбахрам Байбосынова. Ж.Ануйдің «Медея» пьесасының негізінде сахналанған спектакль әйел табиғатының қарсылықтарға толы болмысын, жан қайғысы мен сырын арқау кеткен.

        «Король Лир» спектаклі

«Қаһар» спектаклі

Сонымен қатар, театр ұжымы 18-23 қазан аралығында Астана қаласында өтетін КСРО Халық артисі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «XVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІНЕ» «Оян, қалыңдық» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысады. Испания драматургы Ф.Лорканың «Қанды той» (Крововая свадьба) пьесасы негізінде, Н.Сауданбекұлы аударып, халықаралық «Островский-FEST» сынды ауқымды байқаудың жүлдегері атанған үздік режиссер Дина Жұмабай сахналаған «Оян, қалыңдық» қойылымы көрермендер мен кәсіби мамандар тарапынан өз бағасын алады деп сенеміз. Аталмыш фестивальдерден соң театр ұжымы ОРТА АЗИЯ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ «Шағала» (реж.: Е.Нұрсұлтан) спектаклімен қатысады. Өнер кеңістігінде шығармашылық шабыт сыйлайтын мәдени әрі кәсіби мүмкіндікті арттыратын театр фестивальдеріне қатысу театр үшін мол тәжірибе болмақ. Қазақ өнерін әлемдік деңгейде дәріптеуді мақсат тұтатын театрдың асығы алшысынан түседі деп сенеміз.

Ендеше, 77 жылдық тарихқа бай Ғ.Мүсірепов театрының сапары сәтті, жеңісті де жемісті болғай!

 

Театрдың баспасөз бөлімі

Пікір жазу