Басты бет » Жаңалықтар » Ахмет айтқан асыл сөз

Ахмет айтқан асыл сөз

✔️ Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

✔️ Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.

✔️ Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

✔️ Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болады.

✔️ Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі иа өлі болу мәселесі.

✔️ Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

✔️ Жұртқа керегін білетіндер көп, істейтіндер аз. Білушілеріміз білгенімен қоймай, істеуге кіріссе екен. Білушілеріміз істеуші болса, оларды көріп, өзгелер де істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе, ерушілер де көбейер еді.

✔️ Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады. Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады.

✔️ Ұлттың езгі – ұлттың сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген ұлттың бойында езушілерге қарсы жиіреніш және өшпенділік сезімі үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімнен басқа сезім ояна қоймайды.

✔️ Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болады. Сәл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс – ұсақтан ұлғаяды. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ баласына міндет.

✔️ Қысылған жерде қарасу, қиналған жерде болысу – адамшылықтың, мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі еді.

✔️ Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады, арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.