Басты бет » Жаңалықтар » «Qazaqstan дауысы. Балалар-2022» жеңімпазы – Ерсұлтан Омар

«Qazaqstan дауысы. Балалар-2022» жеңімпазы – Ерсұлтан Омар

«Балалар жылы» аясында еліміздің дарынды балаларын бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен жобаға 7 жастан 14 жасқа дейінгі 4400 баладан өтінім келді. Оның ішінен «Көрмей таңдау» кезеңіне 120 бала іріктеліп алынды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың басын қосқан жобаға Ресей, Грузия елдерінен де үміткерлер қатысты.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Илхам Ибрагим құттықтап, жеңімпаздың атын атады.

«Бұл таңдау – халықтың таңдауы. Қазақстандықтар тікелей эфир арқылы дауыс беріп, жаңа сахна жұлдызын жақты. Халық болып таңдаған жеңімпаз болашақта еліміздің мәдениетінің, эстрадасының, ұлттық музыкасының дамуына қызмет етеді деп сенеміз. Бұл жобаға қатысып, соңғы кезеңге дейін жеткен әр бала талантты, әр бала Жаңа Қазақстанның бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің болашақтағы креативті индустриясының бөлшегі», — деді Басқарма төрайымының орынбасары Илхам Ибрагим жеңімпаздың есімін жариялау сәтінде. Осылайша, «Qazaqstan дауысы. Балалар-2022» жеңімпазы ретінде жоба тәлімгері Жанар Дұғалованың шәкірті Ерсұлтан Омар танылды.

Жоба тәлімгерлері Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Дастан Оразбеков өнерпаз балғындарды қанатының астына алып, өнерін шыңдады. Жоба аясында «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек» кезеңдерінен суырылып шыққан 20 үміткер енді «Тікелей эфир» кезеңінде бақ сынайды. Бұл жолы үздіктердің үздігін тәлімгерлер емес, халық Qazaqstan.tv сайтында дауыс беру арқылы таңдады.

 

#qazaqstanдауысыбалалар2022  #qazaqstanұлттықарнасы  #ерсұлтаномар