Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстан халқының үштен бірінің тапқан табысы тамақ пен киімге ғана жетеді

Қазақстан халқының үштен бірінің тапқан табысы тамақ пен киімге ғана жетеді

 «JD EXPERT» Маркетингтік шешімдер мен зерттеулер агенттігі Қазақстанның 14 ірі қаласында тұрғындар арасында «Азық-түлік бағасының өсуі қазақстандықтардың өмір сүру сапасына қаншалықты әсер етті?» тақырыбында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді.
Сурет: https://zhaikpress.kz/

Респонденттердің басым көпшілігінде (44%) отбасы 3-4 адамнан тұрады, көбінде кәмелетке толмаған екі бала бар. Сонымен бірге респонденттердің 72%-ы отбасындағы табысының төмен немесе тұрақты төмен деңгейде екенін атап өтті: респонденттердің 36%-ы жалақысының тек тамақ пен киім-кешекке жететінін; тағы 36%-ы гаджеттер мен тұрмыстық техниканы жинай алатындарын көрсетті.

Респонденттердің басым көпшілігі (99%) 2-3 жыл бұрынғымен салыстырғанда айына стандартты өнімді сатып алу құнының өскенін сөз етті, оның үстіне 87%-ы олардың азық-түлік қоржынының құны 2 есе немесе одан да көп өскенін атап өтті. Респонденттердің жартысына жуығы (49%) пайдалы санаттардағы тауарлар – көкөністер, жемістер, сүт өнімдерін сатып алудың төмендегенін айтады. Респонденттердің 70%-ы ішінара немесе толығымен тәттіден бас тартуға мәжбүр. Респонденттердің 78%-ы баға одан әрі өскен жағдайда болатын өз реакциялары туралы зерттеудің міндетті емес ашық сұрағына жауап берді: олардың 48%-ы реакцияларын эмоциялық-жағымсыз деп сипаттады, бұл қазақстандықтар үшін осы тақырып өзектілігінің жоғары екенін байқатады және оларды мемлекет естуін қажет етеді.

Елдегі халықтың табысы:

Қазақстандықтар соңғы жарты жыл-бір жылда өз отбасылары үшін қандай өнімдерге бағаның айтарлықтай өзгеруін сезінгені туралы сұраққа 80%-ы өнімдердің барлық түрлерінің қымбаттағанын сезгенін, бұл ретте бәрінен бұрын жеміс-жидектер және қанттың қымбаттағаны байқалғанын айтып жауап берді. Макарон өнімдеріне бағаның өсуі онша сезілмеген:

Қазақстандықтардың 87 пайызы соңғы 2-3 жылда азық-түлікке орташа чектің

2 есе және одан көп өскенін айтады:

Тәтті тағамдар санатының ауқатты жандардың артықшылығына

айналып келе жатқаны

 

Сонымен қатар респонденттердің көңіл күйін олардың жауаптарынан алынған мынадай үзінділермен көрсетуге болады: «Бар жалақы тек азық-түлікке кетеді», «Соңғы жылы баға бірнеше есе өсіп кеткеніне ашынасың», «Әрі қарай не болатынын оайлаудың өзі қорқынышты», «Балалардың рационын қысқартуға тура келеді», «Киім сатып алмаймыз, барлық ақша тамаққа кетеді», «Мерекеде нан мен шай ішіп, май жейміз», «Балаларға жеміс сатып алу мүмкін емес, егер бағалар әлі де өсе түссе, қалай өмір сүретініміз түсініксіз», «Аш қаламыз», «Еліміздің Президентіне арыз жазамыз», «Үкіметімізге риза емеспіз». Қазақстандықтардың бағаның өзгеруіне көзқарасы туралы ашық сұраққа аса құлшыныспен әрі бар эмоциясымен жауап бергендігі халық үшін азық-түлік нарығында қалыптасқан баға саясатының өзектілігі жоғары екенін және өзгерістерге, көмекке және қолдауға үміт артып отырғанын, мәселенің шиеленісіп тұрғанын көрсетеді. Қазақстандықтарға елдің және отбасыларының азық-түлік қауіпсіздігіне деген сенімділік қажет.

Бір қызығы, респонденттердің 30%-ы жаңа салықтардың көбеюін немесе енгізілуін проблема деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың үштен екісі (67%) мемлекеттің реттеуші рөлі жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталуы керек деп санайды.

 

Толық зерттеуге сілтеме: https://jd.expert/increase