Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин “Zagreb Grand Prix-2022” турнирінде алтын жүлдегер атанды.
Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Grand Frix жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ 60кг салмақта біздің жас спортшы Мағжан Шамшадин жеңіс тұғырынан көрініп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды. Ол финалда әлем чемпионатынында 2 қола еншілеген, Азия ойындары, Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген Кореяның тәжірибелі балуаны Ким Вон Жинді ұтты.
Мағжан алғашқы айналымда Куба балуаны Форте Валдивзоны вазаримен ұтса, екінші айналымда АҚШ балуанын ұтып, үшінші айналымда Испания спортшысы Бернабеу Риканы 2вазаримен ұтып ширек финалға шықты. Ширек финалда түркімен балуаны Жумаев Хакбердіні вазаримен ұтып, жартылай финалда француздық Мерлин Максимені қосымша уақыттың 1 минут 31 секундында вазариге түсірді.
Естеріңізге сала кетейік Мағжан бұған дейін Тель-Авив Grand Slamде қола алған болатын.
@Спорт және дене шынықтыру істері комитеті