Басты бет » Жастар үні » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ОҢАЙ МА?

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ОҢАЙ МА?

немесе жастардың мамандық таңдауда жіберетін қателігі

Сурет: old.aqmeshit-zhastary.k

Мамандық таңдау – адам өмірінде ең бір маңызды әрі жауапты қадам. Себебі ол сенің ертеңіңнің, өміріңнің дұрыс бағытта қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Сол себепті де жастар мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты әр жас өз бейіміне, қызығушылығы мен талабына қарай таңдағаны абзал.

Ал мамандық таңдауда жастар қандау қателіктерге ұрынып жатады? Сол жөнінде аз-кем әңгімелесек.

  1. Ата-ананың баласымен ашық сөйлеспеуі. Мамандық арқылы адам елге қызмет етеді. Жұмысын сүйетін, кәсіби білікті маман ғана ұлы істерді атқарып, елдің өркендеуіне өз үлесін қосады. Мектеп бітіруші түлек ұясынан алысқа ұшып көрмеген балапан іспетті. Ата-ана қанаты қатпаған балапанының алысқа самғар шағында ашық әңгімелесуі, ақылын айтуы, бағыттап жіберуі аса маңызды. Балапанынан кім болғысы келетінін, не үшін ол мамандықты таңдағанын, ол таңдауы неге апарып соғатынын, алдағы өмірінің қалай болатынын түсіндіріп айтып, ата-ана мен баланың арасында ашық әңгіме болғанда, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектің мамандығынан қателеспей, тағдыры жарқын болмақ.
  2. Ата-ананың баласының қабілетіне қарай бағыттап жібермеуі. Әке балаға сыншы болады,көпшілік ата-аналар осындай маңызды сәтке мән бермейді Соның салдарынан бала өзі жасай алмайтын, бейімі жоқ салада оқиды. Ісі қолынан келмей жатқаны үшін өзіне ренжіп, соңында ақша үшін жұмыс жасап жүрген, біліксіз маманға,бақытсыз адамға айналады.

    3. Ізденбеу салдары. Қазір жастар оқуға көңіл бөлмейді. Адам білімге көңіл бөлуге аса назар салу керек. Бізге сауатты, зиялы адамдар жетіспейді. Көкірегі ояу адамнан жақсы маман да, жақсы адам да шығады.

Дайындаған Арнагүл Уатхан,

ЕҰУ Журналистика факультетінің 

2-курс студенті