Басты бет » Жаңалықтар » Көк түтінге оранған өкпе

Көк түтінге оранған өкпе

Қазіргі таңдағы актуалды қоғамның ащы шындығының бірі – темекіге тәуелділік. Бүгінде темекенің түр-түрін дүкен сөрелерінен кездестіруге болады. Жасөспірімдердің арасында электронды түріне тәуелділік артып барады.


Сурет: https://zhaikpress.kz/ сайтынан алынды

Қоғамның ащы дертімен күресіміз әлі де жалғысып отыр, деседе екі жыл бұрын қолға алынып, 21 жастан темекені алу құқығы берілген. Денсаулық сақтау жүйесі кодекс нормасында дүкен сөрелерінде көрнекі жерде тұруына тыйым салынды. Бірақ қазіргі таңда темекі түтінінен азат орта құруды, талап етушілер қаншама екенін ұмытпағанымыз жөн. 180 мемлекет өкілдері осы темекіден арылуға қол қойып күресіп жатыр, соның ішінде біздің Қазақстан басты орында тұр. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін біз темекіден бас тартуымыз қажет. Себебі 2022 жыл Балалар жылы болып, басты назарды жас ұрпаққа қойып отырғандықтан, олардың денсаулығы мықты, саналы болып қалыптасуымен қатар, тәрбие беретін біз болғандықтан іс-әрекетіміз арқылы бой түзейтін жастарымызға үлгі бола білуіміз абзал. Қазір темекі әзірлеушілер құлдырап бара жатқан бизнесті аман алып қалу мақсатында түрлі электронды нұсқасымен, жаңашасын әзірлеп жастарды қызықтыруда.
Егер алып қарайтын болсақ, 2021 жылғы жасалған есеп нормасына сәйкес қаңтар-ақпан айларында 3,1 миллиард болса кейін, оған дейін 2,6 миллиард темекі дайындалып сатылған. Табыс көзінен құмартқан сатушыларды темекі бағасын 11,4%-дан, 16,2% жоғарылаған бір жыл ішінде. Жалпы есеп бойынша 2020 жылдың ішінде 15 млрд. теңге темекіден табыс көзі түскен.
Әр санның астында халықтың ауыр дерті жатыр. Темекі түтінімен күресіп, ертерек қоғам дертінен құтылуымыз қажет. Денсаулығымызды аялап, келер қоғам тәрбиесіннің жақсы жолмен қалыптасуын қамтамасыз етейік. Өкпегеге ғана емес, тұтастай денсаулыққа зиян келтіретін көк түтінге орайтын шылымға біздің қоғамда орын болмауы тиіс!

Шырын Нұржанқызы