Екібастұз қаласының 14 жасар Арулат Мұхаметқали Париждегі тырнақ жасау (нейл-мастерства) өнерінің чемпионы атанды. Соңғы екі жылда халықаралық жарыста жеңген 13-ші жеңісі екен. Маникюр жасауды шешкен жасөспірім мүгедек інісі Бекарыстың емделуіне ақша жинау үшін бастаған көрінеді.
Мектеп оқушысы 30 елдің ересек маникюр шеберлері арасындағы ең жас қатысушы болды. Арулат «Кеңейту және дизайн. Жақыннан түсіру» номинациясында жеңіске жетті. Жасөспірімнің жұмысы судьяларды өзінің тазалығымен және түсімен таң қалдырды.
Барлық сайыстар онлайн режимінде өтеді және бұл Арулаттың айтуынша, өте ыңғайлы.
Жасөспірім Instagram-да өз блогын жүргізеді, онда ол өзінің жетістіктерімен бөлісіп отырады.