Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген күні кеше Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізген отындасымыз Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтады. 
Әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазба жариялаған әнші:
«Мишабай, бауырым! Олимпиада алтыны құтты болсын! Құрметті ағайын, не деген мереке! Не деген той! Мұз үстіндегі қимылың, өнерің дүйім жұртқа шабыт, рух сыйлаған үлкен азаматқа айналдың. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, өкінішке орай, халқымыздың маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпадың. Ағаңның, халқымыздың алдыңдағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің», – деп ерекше қуанышын жеткізді.
Михаил мұз үстінде Димаштың орындауындағы әнге өнер көрсетті. таңдағанына марқайып қалғанын да айта кетті.
«Олимпиадаға менің орындауымдағы әнді таңдап, мені де бір марқайтып қойдың. Қуантып қойдың, көптен-көп рахмет! Осы орайда саған өз атымнан аз да болса, көптей көр, темір тұлпар сыйлаймын. Машина менің мойнымда», – деді Димаш.
Михаил да өз атынан Димашқа алғысын жеткізіп, «Димаш, сіздің әуеніңізге көп Рахмет!» деп пікір қалдырды.
Еске салайық, бүгін Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан алтын алып, күллі қазақ елін қуантты. Оны Мемлекет басшысы арнайы құттықтап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы