Басты бет » Жастар үні » 23 жасар қазақ өнертапқышы Илона Маск компаниясында өзінің технологиясын сынақтан өткізеді

23 жасар қазақ өнертапқышы Илона Маск компаниясында өзінің технологиясын сынақтан өткізеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті.

Санжар Тайжан өз командасымен бірге бензинмен жүретін автомобильдерді батареямен қозғалатын электр көліктері етіп, қайта жаңғыртады. Қазақстандық өнертапқыш машинаның прототипін Министрге көрсетіп, ерекшеліктері туралы айтып берді.

“Қазір электр көлігі жақсы ауа-райында 100 шақырымнан астам қашықтыққа жүре алады. Ал біз оны 500-600 шақырыға дейін арттыра аламыз. Басты мақсатымыз – электромобильдердің алғашқы қазақстандық брендін жасау. Жақын арада дизайны мүлдем жаңа 30 прототип әзірлеп, модельге 200-ден астам патент алуды жоспарлап отырмыз”, – дейді Санжар Тайжан.

Стартап ең алдымен таксиді қоса алғанда еліміздегі қоғамдық көлікті электр түріне ауыстыруды көздейді.

Министр Бейбіт Атамқұлов табиғатты сақтауға және жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ықпал ететін жаңа технологияларды дамытуды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР ИИДМ мен Санжар Тайжанның компаниясы жобаны іске асыру үшін бірлесіп инвесторлар іздестіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Министрлік стартапты дамытуға және оның өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдеседі.

Dalanews.kz. 

Пікір жазу