Баланы жастайынан еңбекке баулу – бала тәрбиесінің ең маңызды бөлігі. Неғұрлым еңбекке ерте бейімделген бала соғұрлым іске епті келеді. Сондықтан балаға ойнап болған соң өз ойыншықтарын өзі жинауын үйрете беріңіз. Баланы 3-4 жасынан бастап-ақ ата-анасына кішігірім істерде «көмекші» ретінде пайдалану керек.
👦🏻 Мысалы, ұл балаға:
✔ «балғаны алып кел»
✔ «ыдыстағы суды сыртқа төк»
✔ «кітаптарды орнына апарып қой»
✔ «қарындасыңның бауын байлап бер»;
👧🏻 ал қыз балаға:
✔ «нанның бетін жауып қой»
✔ «үйдің есігін жап»
✔ «аяқ киімдерді жинап қой»
✔ «мына сүлгіні алып өз бөлмеңнің есігін сүртіп кел»
деген секілді кішігірім жұмыстарды тапсыруға болады. Ал, ең бастысы, бұл істің дұрыс әрі тиянақты орындалуын қадағалап, кейін балаларыңызды осы үшін марқайтып қойсаңыз, олар үшін бұл – үлкен қуаныш!