Басты бет » Өнер – өмір өрнегі » Кинетикалық өнер жайлы не білеміз?

Кинетикалық өнер жайлы не білеміз?

Кинетикалық мүсін. Бұрын соңды бұндай атауды естіп көрдіңіз бе?

Кинетикалық мүсін я болмаса кинетикалық өнер дегеніміз — заманауи өнер туындыларының бір түрі. Бұндағы мақсат жарық пен қозғалыстың үйлесімділігіне негізделеді. Металл, шыны әйнек, ағаш және өзге де құралдар жарық құрылғыларымен қосылып, қозғалысқа түседі. Бір кинетикалық мүсінді жасау үшін жүздеген, тіпті, ауқымды болған жағдайда мыңдаған металл я өзге де жансыз заттар қолданылуы мүмкін.

maxresdefault

Алғаш рет бұл өнерге қатысты Наум Губо есімді өнертапқыш өзінің «Қозғалыстағы толқын»(«Стоячая волна») құрылғысын ойлап тапқан. Бұл ретте кинетикалық өнер конструктивизммен байланыстырылған.

216px-Naum_Gabo_Bijenkorf

Кейіннен Александр Колдер, Брайан Уинтер, Хулио ле Парк сынды мүсіншілер де өз кинетикалық құралдарын шығара бастаған.

188474_900

Келе-келе кинетикалық өнер жоғары бағаланып, орталық алаңдар, түрлі ғимараттар мен саябақтарды көріктендіруде таптырмас мүсіндерге айналған.

cms

Кинетикалық өнерде үлкен табысқа кенелген мүсіншілердің бірі — Энтони Хоу. Оның «Адам келбеті», «Әкемнің ықпалы», «Оинг», «ОСТО 3» сияқты бірнеше кинетикалық құрылғылары бар. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамын.

1371825924_kinetika-2

Роллан Граменский,

Еуразия ұлттық университетінің студентІ

Пікір жазу