Басты бет » Жаңалықтар » «Қыздан туған бала немере емес» деген Жанар Айжанова сынға қалды

«Қыздан туған бала немере емес» деген Жанар Айжанова сынға қалды

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында «қыздан туған бала – немере емес» деген сөзге байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Jastar janary.

Фото: видеодан скриншотталды

«Біреулер айтып жатады ғой қыздан туған немере болмайды деп. Қалайша қыздан туған бала немере болмайды…
Немеренің екі атасы екі әжесі болады. Нағашы атасы мен әжесі өз атасы мен әжесі. Қалған нағашыларына жиен болады. Әрбір ден кейін тұқым қыздан тарайды ғой… Сондықтан да төрт атасы мен әжесі өзгермейді. Ол өзінің туған нағашысы ата-әжесімен құрдасындай ойнау керек. Ал нағашы ата-әжесімен еркін ойнай алмайды», – деді Жанар Айжанова.

Жанар Айжанова қазақ қоғамындағы «жиен» және «немере» деген туыстық атауларғы қатысты жиі айтылатын пікірлерге өз көзқарасын білдіріп, қыз баладан тараған ұрпақтың да ата жұртымен тең дәрежеде байланысы болу керектігін алға тартты.

Ал оған қарсы пікір айтып жатырғандар да, келісетіндер де бар.