Танымал әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова қызды болды, деп хабарлайды Jastar janary.
«Алла деп бағындырдым бүгін шыңды.
Перзентхана екінші үйім сынды.
Төртінші рет бұйырды АНА атану.
Баршаңыздан сұраймын сүйіншімді.
Ал құттықтауларыңызды қабылдауға дайынмын. Ешқандай жоспарсыз Алланың қалауымен осындай әдемі күнде көпбалалы ата-ана қатарына ену бұйырып, осы жылдың ең үлкен, алғашқы сыйын алып жатырмыз», – деп жазды Ерке Ниязқұлова.