Табиғи сұлулықты одан әрі айқындай түсетін және әрбір қыз келіншекке көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын макияжды бәрінің жақсы көретіні анық. Бірі өз талантымен әдемі макияжды жасай алатын болса, енді бірі боянуды үйренетін арнайы курстарға жазылып, макияжды қалай дұрыс жасау керектігін үйренеді. Дей тұрғанмен, боянуды білмейтін нәзік жандылар да қаншама. Осы орайда, Jastar janary порталы кез келген қыз-келіншек қайталап жасай алатын күнделікті жеңіл әрі әдемі макияжды қалай жасауға болатынын назарларыңызға ұсынады.
Фото: wobs.ua
— Ең алдымен, бетіңізді арнайы бет жууға арналған тазартқыш құралдардың көмегімен толыққанды жуып, құрғатып, тоникпен сүртіп алыңыз.
-Бетті ылғалдандыратын кремді жағыңыз. Себебі, бетті ылғалдандырып алмасаңыз құрғақ бетте макияж әдемі болып тұрмайды. Бетіңіз неғұрлым тазаланған, ылғалданған болса бояу да соғұрлым әдемі жағылады.
-Бетті ылғалдандырып болғаннан кейін, макияж әдемі, әрі ұзақ тұруы үшін праймер жағыңыз.
-Бетіңіздің түсіне, типіне сәйкес келетін тоналды кремді жағасыз. Қалауыңызша, қажетті жеріне корректор пен консилерді жағып, әдемі тон шығарасыз.
Фото: Dzen.ru
-Ерніңізге ылғалдандыратын бальзам немесе скраб жағып ерін далабын жағуға дайындап қойыңыз.
-Көз қабағына праймерді жағып, ұнатқан түсіңізге бояңыз.
-Көзге арналған қарындаш не болмаса арнайы бояумен көзіңіздің үстін сызыңыз.
Фото: my7days.ru
-Кірпігіңізді ұзартып әрі көзіңізді үлкейтіп көрсету үшін тушьті қолданыңыз немесе кірпік жабыстыруыңызға болады.
-Қасыңызды арнайы гель арқылы тарап, қасқа арналған бояу немесе қарындаштың көмегімен бояңыз.
-Бетке арналған ұнтақ пен румянаны қажетті жерлерге қолданыңыз.
-Қалауыңызша, қасыңыздың жоғары жағына, беттің шеткі жағы мен мұрынның орта жағына хайлайтер жақсаңыз макияжыңыз одан әрі әдемі бола түседі.
-Ерніңізді қарындаштың көмегімен бояп, одан кейін ерін далабын жағып жеңіл макияжды аяқтайсыз.
Дайындаған
Перизат САПАРОВА,
Jastar janary