Шоколадты круассан — сыртқы қабаты қытырлақ, іші жұмсақ әрі хош иісті тамаша тәтті. Қабат-қабат болып пісірілген қамырдың ортасындағы қою шоколад әр тістеген сайын ерекше дәм сыйлайды.
Жаңа піскен круассанның жылы хош иісі мен еріген шоколадтың үйлесімі таңғы кофеге де, түстен кейінгі тәтті үзіліске де керемет жарасады.
Дәмді круассанның дайындалу жолын ұсынамыз.
Қамырға:
* Жылы сүт – 1 стақан (200 мл)
* Жылы су – 1 стақан (200 мл)
* Өсімдік майы – ½ стақан (125 мл)
* Жұмыртқаның ағы – 1 дана
* Құрғақ ашытқы – 10 г
* Қант – 2 шай қасық
* Тұз – 2 шай қасық
* Ұн – 4½–5 стақан
* Какао – 2 ас қасық.
* Шоколад пастасы немесе шоколад бөліктері
* Жұмыртқаның сарысы – 1 дана
* Қант ұнтағы.

1. Қамырға арналған барлық ингредиенттерді араластырып, жұмсақ қамыр илеңіз. Қамырды екіге бөліңіз.
2. Бір бөлігіне какао қосып, түсі біркелкі болғанша қайта илеңіз. Екі қамырды да бетін жауып, 40 минут көтеріңіз.
3. Ақ қамырды жайып, ортасына какао қосылған қамырды қойыңыз. Ақ қамырмен толық жауып, шеттерін жақсылап жабыстырыңыз. Қайтадан үлкен дөңгелек етіп жайып, үшбұрыштарға кесіңіз.
4. Әр үшбұрыштың кең жағына шоколад салып, круассан пішінінде ораңыз.
5. Дайын тоқаштарды пісіру табасына қойып, тағы 30 минут көтеріңіз.
6. Бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, алдын ала 180°C қыздырылған пеште шамамен 30 минут қызарғанша пісіріңіз.
7. Суыған соң үстіне қант ұнтағын сеуіп, дастарқанға ұсыныңыз.