Басты бет » Жаңалықтар » Қаңтарда елдегі 1 257 есірткі сайты бұғатталды

Қаңтарда елдегі 1 257 есірткі сайты бұғатталды

Қаңтар айында 700-ден астам есірткі құқықбұзушылығы анықталды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Фото: zhalagash-zharshysy.kz

1 257 есірткі сайты бұғатталып, оның ішінде 15 дроп-карта бар.

Есірткі тарату туралы ақпараты бар 76 арна мен боттар өшірілді. 274 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамасының 64 фактісі, 3 контрабанда, есірткі өсірудің 16 фактісі бар.

9 ұйымдасқан қылмыстық топ, 3 есірткі притоны, 17 есірткі зертханасы жойылды. Биыл 800 келіден астам есірткі, оның ішінде 29 келі синтетика, сонымен қатар 5 тонна прекурсор тәркіленген.