Басты бет » Жаңалықтар » Әскерде болған жастарға ипотекалық бағдарлама енгізу ұсынылды

Әскерде болған жастарға ипотекалық бағдарлама енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, әскерде болып келгеннен кейін 1 немесе 1,5 жыл тұрақты жұмыс істеген жастарға да ипотекалық арнайы бағдарлама ұсынылуы тиіс.

Сурет: info.homsters.kz

Қазір еліміздің 20 өңірінде жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы өңірлік «Жастар бағдарламасы» бар.

«Бұл тетік жергілікті әкімдіктердің бақылауындағы іс. Сондықтан, үй алушылардың санатына әскерде болған жастарды да қосуды ұсынамын», – дейді депутат.

@qazaqstantv