Басты бет » Жаңалықтар » Сарбаздар ерекше тренд бастады (видео)

Сарбаздар ерекше тренд бастады (видео)

Жақында әлеуметтік желіде еліміздің сарбаздары түсірген жынға жылы бейнебаян тарады. Ол жерде қоғамда жиі айтылып жүрген әскердегі әлімжеттік мәселесін жойып, достыққа, ауызбіршілікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа үндейтін сөздер арқылы жұртшылыққа ой салды, әрі көпке үлгі боларлық тың бастама көтерілді, деп жазды Jasar janary.

Қазақстанда жыл сайын 18-27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады. Олар еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери орындарда мерзімді әскери міндетін өтейді.

Соңғы жылдары әскердегі әлімжеттік, жас сарбаздардың өз-өзіне қол салу жағдайлары, әлімжеттік салдарынан сарбаздардың мүгедектікке ұшырауы, қайтыс болуы көбейіп кеткені жасырын емес.

Осы мәселе қазір тұтас қоғамды алаңдатып отырғаны рас. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та алаңдаушылық білдіріп, пікір білдірген болатын.

«Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», – деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, әскердегі әлімжеттікке қарсы әдемі де әсерлі бейнежазба түсірге сарбаздарға көпшілік риза болып, жақсы пікірлерін жаудыруда.