Басты бет » Жаңалықтар » SHAKARIM UNIVERSITY ХАКАТОН-2025-те ТОП ЖАРДЫ

SHAKARIM UNIVERSITY ХАКАТОН-2025-те ТОП ЖАРДЫ

Жақында Астанада «Қазақстан университеттері – ел дамуының драйверлері» Хакатон-2025 шарасы өтті. Ауқымды шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын біріктіріп, жоғары білім саласындағы үздік стратег атану үшін интеллектуалдық бәсеке алаңына айналды.

Жарыс қорытындысы бойынша 23 жетекші университет арасында Shakarim University абсолютті жеңімпаз атанды. Жеңістің ерекшелігі – университеттің жоғары стратегиялық дайындық деңгейін көрсетіп қана қоймай, оны болашақтағы идеяларды бүгіннің шындығына айналдырып жүрген жас әрі өршіл проректорлар мен басшылардың таныстыруында.

Мәскеудің «Сколково» басқару мектебі әзірлеген FuturEdu Strategy Simulation қарқынды стратегиялық симуляциясы барысында қатысушылар бүкіл ел ауқымында университеттік ортаның дамуына әсер ететін шешімдер қабылдады. Shakarim University-ді жас мамандар таныстырды.

Университет ректоры Думан Орынбеков команданы құттықтай отырып, Shakarim University-ді таныстырған әрбір менеджердің артында студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер тұрғанын атап өтті.

«Жеңіс – бұл, әрине, нәтиже, бірақ одан да маңыздысы – аймақтық жаңа форматтағы университеттердің Қазақстанның дамуына үлес қоса алатынын көрсететін белгі», – деді команда мүшелері.