2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Оның ішінде:
▪️қала тұрғындары – 12 774 743
▪️ауыл тұрғындары – 7 511 341
«Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен — 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%», – делінген ақпаратта.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар:
▫️Түркістан (2,1 млн)
▫️Алматы (1,5 млн)
▫️Жамбыл (1,2 млн)
▫️Қарағанды (1,1 млн).