Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тамақтану рационы өзгертілді. Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар қосылды.
Бұл өзгерісті Қазақ тамақтану академиясы құптаған.
«Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді», – делінген хабарламада.
Жаңартылған рацион әскери бөлімдерде былтыр апробациядан өткен.