Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталған соң оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді», – делінген хабарламада.