Адам папиллома – шырышты қабаттың эпителиін зақымдап, жасушалардың өмірлік циклын өзгеріске ұшырататын парвовириде тұқымдастығына жататын өте кең таралған вирус.
Ең негізгі берілу жолдары ол:
жыныстық қарым қатынас арқылы, тұрмыстық жанасулар арқылы, анадан балаға, босану жолдары арқылы. АПВ вирусы бар екендігі көбінесе ешқандай симптомдарсыз жүреді.
АПВ вирусының 200 ден аса түрі бар. Оның ішінде олар өзара 2 топқа бөлінеді:
төменгі онкогенді вирустар және жоғары онкогенді вирустар тобы.
Төменгі онкогенгі вирустар тобы: АПВ 1.2.3.4.5.6 типтер болса
Жоғары онкогенді вирустар тобы: 11.16.18.53
Төменгі онкогенді вирустар тобы, көбінесе терінің зақымдануларын тудырады.
Ол түрлі папилломалар, кандиломалар, аногенитальды бородавкалар түрінде кездеседі. Жоғарғы онкогенді түрлері, шырышты қабаттың эпителийлерін зақымдап, жасушалардың қалыпты бөліну циклін бұзып, қатерлі ісік ауруларына алып келуі мүмкін.
Өкінішке қарай, ол жатыр мойны қатерлі ісігі, ауыз қуысы, өңеш обыры, ер адам жыныс мүшесі обыры т.б қатерлі ісіктерге алып келеді. Ал ондай аурулардың симптомдары, біз білеміз, көбінесе 3ші және 4 ші сатысында ғана байқалып жатады. Немесе кезекті скринингтардан өткен уақытта анықталып жатады.
АПВ вирусы , Гепатит С немесе гепатит В вирустары сияқты «тыныш өлтіруші», орысша айтқанда «тихая убийца» вирустар қатарына кіреді. Бағымызға орай Гепатит В дан балаларымыз екпе алып, дер кезінде қорғана алады. Ал АПВ екпесінің маңыздылығын, көп ата-анадар әлі толық түсіне алмай жатыр. Жатыр мойны обырының 98% осы АПВ вирусымен байланысы бар екендігі жайында бірнеше жыл бойы халықаралық ғылыми медициналық зерттеулер жүргізіліп, бізге дейін жеткенше әбден дәлелденді.
Алдын алуды, яғни профилактиканы біз 2 деңгейде қарастырамыз:
1. Ақпараттық деңгей. Ол отбасымыздың арасында, мектептерде, жоғары оқу орындарында кез келген жұқпалы аурулар жайында ақпарат беру. Ол жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулар қатары. Репродуктивті денсалықты нығайту:
Ол екпе Қазақстанда қыздарымызға 11-12 жас аралығында салынады. Барлық дамыған елдерде АПВ екпесі 9 жастан бастап салынады. Ал бізде әзірше 11 жастан бастап салынуда. АПВ екпесі бізге осы жылы енгізіліп отыр. Жалпы, барлық елде АПВ екпесі ұлдарға да қыздарға да бірдей салынады.
Қазақстанда соңғы көрсеткіштер бойынша сүт бездері обырынан кейін жатыр мойны қатерді ісігі 2 ші орында тұр. Сондықтан да ең бірінші қыздарымызға бірінші кезекте екпе салынады, ал АПВ екпесіне жалпы көрсеткіш 9 жастан 45 жас аралығындағы барлық адамдар жатады.