Арқалықта дүниеге келіп, кейін бельгиялық әйел асырап алған Мұрат Савельев анасының ыстық алақанын, мейірімді жүзін аңсап былтыр Қазақстанға келген болатын. Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы арқылы іздеу салып, туған жері Арқалықта болып қайтқан Мұраттың әлі күнге дейін анасы туралы дерек табылмай тұр.
Ол анасымен кездесеріне сенім білдіріп, өзінің инстаграм парақшасында жазба қалдырды.
«Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?»
Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе?
Менің жаңа жылдық сыйлығым – өздеріңіз, бұл сөзсіз!
Маған әке-шешемдей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіме жылу сыйлайды.
Менің туған анамды іздеуге байланысты қазіргі уақытта не істеп жатқанымыз туралы көбірек ақпарат алғыңыз келе ме? Пікір қалдыруды ұмытпаңыздар…», – деп жазды Мұрат Савильев.