Басты бет » Жаңалықтар » Жас ғалымдар пәтерлі болды

Жас ғалымдар пәтерлі болды

Биыл еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан талай талапты буынды ұясынан ұшырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толды. Осы мерейтой қарсаңында университеттің бес жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді.

Фото: ortcom.kz

ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.

 Жаңа пәтердің иесі атанған жас ғалымдар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қуанбай, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Амангелді 2 бөлмелі жаңа пәтердің иесі атанды. Бүгінде жас зерттеуші бидай дақылдарының потогенттерін анықтау бағытында ғылыми жұмыстармен айналысады.

Сондай-ақ университеттің аға ғылыми қызметкері Ажар Мәлік, аға оқытушы, жас ғалым Олжас Құрманбаевқа пәтер сертификаты табысталды. ҚР Президентінің қолдауымен жас ғалымға берілген су жаңа пәтер 3 бөлмеден тұрады. Жас ғалым, университеттің аға оқытушысы Жанар Райымбекова баспаналы болды, жас зерттеушіге 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.