Бұл азаматтар ұшақтың құлдилап құлағанын видеоға түсіріп, артынша көмекке ұмтылған екен. «Электроторап» компаниясының қызметкерлері үш минутта оқиға орнына жетіп, аман қалған жолаушыларға көмек көрсеткен. Орындыққа қысылып қалғандарды шығарып, шошып қалғандарының таңдайын көтеріпті.
Құтқарушылар мен полиция жеткенше 15 жолаушыны сыртқа алып шығыпты. Жарайсыңдар жігіттер!
Диас Нұрақын