Басты бет » Жаңалықтар » «Ұлттық дәстүрлер» байқауының жеңімпазы кімдер?

«Ұлттық дәстүрлер» байқауының жеңімпазы кімдер?

«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен шетелдегі қазақ жастарының арасында «Ұлттық дәстүрлер» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқауға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінен 73 қазақ диаспора жастары қатысты. Бірінен бірі қалыспайтын шеберлердің туындыларын бағалауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар және “Отандастар қоры” КеАҚ қызметкерлері қатысты. Көптің ішінен оза шауып, шығармашылығы мен талантын дәлелдеген жеңімпаздар:
1-орын: Серікжан Айбота (Моңғолия)
2-орын: Бауыржан Ақтілек (Моңғолия)
3-орын: Анель Мусабаева (Ресей)

“Жас қазақ” жазғы этнолагеріне жолдама жеңіп алған қатысушылар:
Анель Мусабаева (Ресей)
Амирхан Рахимбаев (Өзбекстан)
Қайратбек Жаннұр (Моңғолия)
Аманжол Лағыл (Моңғолия)
Кайыпова Аида (Ресей).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шабыттарыңыз шыңдала берсін!