Қаржылық мониторинг агенттігі 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырып, жиналған қаржыдан Rolex, Mercedes сатып алғанын анықтаған.
«2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды.
Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды. Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде», –делінген Қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.
Бұған дейін Перизаттың Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылғаны хабарланған болатын.
Тергеу жалғасуда.